Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн

Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн

2024-12-09

“Шетел тілі” бөлімінің ұйымдастыруымен 7 желтоқсан күні “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” акциясы аясында “Отбасындағы ата-ананың және баланың рөлі” тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел өткізілді. Шараның мақсаты: Отбасы ішіндегі қарым-қатынасты нығайту, ата-ана мен баланың өзара түсіністігін арттыру, олардың бір-біріне деген құрметін дамыту.
Шара барысында ата-аналар өз балаларының бойындағы жақсы қасиеттерін сипаттап, қойылған түрлі сұрақтарға қызықты жауаптарын бере білді. «Көңілді алаң» әдісі арқылы отбасыларындағы қызықты сәттер мен өзіндік дәстүрлерімен бөлісті. Дөңгелек үстел барысында топ жетекшілері ата-ана мен бала арасындағы жақсы қарым-қатынасқа жағымды әсер етіп, қолайлы орта құруға ұмтылыс жасалды. Шара соңы әдемі әнмен, ізгі тілектермен қорытындыланды.