
«БІЛІМДІ ЖАС – БІЛІКТІ МАМАН» кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.
Кәсіптік тәжірибе жинақтау бөлімінің ұйымдастыруымен педагогикалық мамандықтардағы бітіруші топтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және педагогикалық инновацияларды меңгеруге бағытталған «Білімді жас – білікті маман» кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Байқауда 45 студент бақ сынасты.
Кәсіби шеберлік байқауының кезеңдері:
I кезең - «Біздің ұстаным»;
II кезең - «Кәсіби сауаттылық сынағы»;
III кезең - «Шеберлік алаңы».
Әділқазылар құрамында әлеуметтік серіктес тірек мектептер мен балабақшалардан келген «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегерлері, педагог-шеберлер, «Үздік педагог» байқауының жеңімпаз ұстаздары болды.
Байқау нәтижесінде қатысушылардың ортақ ұпайы есептелініп, тиісті орындармен марапатталды, сертификат табысталды.
«Үздік машықтанушы» медалін 01140600 - "Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы 4S01140602 - "Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі" біліктілігі бойынша ОТ-Р-21 оқу тобының студенті Қанибай Нұрсая қанжығасына байлады.
Кәсіби шеберлік байқауы бітіруші топтар үшін үлкен тәжірибе алаңы болды.