Отбасындағы ата-ананың және баланың рөлі

Отбасындағы ата-ананың және баланың рөлі

2024-12-10

Филология бөлімі ОТ-Р-23, ҚТ-З-23 оқу топ студенттерінің ұйымдастыруымен 7 желтоқсан күні «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында «Отбасындағы ата-ананың және баланың рөлі» тақырыбында ата-аналармен кездесу түріндегі тәрбиелік шара өтті.
Отбасы - адамның ең маңызды тірегі, мейірім мен жылулықтың бастауы. Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сыйластығы, махаббаты жǝне жауапĸершілігі - бақытты өмірдің ĸепілі. Студенттердің қатысуымен отбасы құндылықтарын насихаттау үшін түсірілген әлеуметтік бейнеролиĸ көрсетілді. ОТ-Р-23 оқу тобы студенттерінің ұйымдастыруымен «Невинный ребеноĸ» қойылымы қойылып, «Насилие в семье» тақырыбында әлеуметтік ролик көрсетілді. ⚜️Колледж психологы Уалибекқызы Жанат колледждегі психологиялық қызмет түрлерімен таныстырып, ата-аналармен тағылымды тренинг өтті. Топ жетекшілері Гейдарова Джейлан мен Жұман Назерке ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастар, зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары бойынша ата-аналармен сұхбат жүргізіп, студенттердің тәртіптері, оқу үлгерімдерімен таныстырып шықты.