
Колледжде әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Пәндік - дамытушы орта өз қолымызбен!» тақырыбында кабинет жетекшілерінің шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағатында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің арнайы пән оқытушысы Мукушева Әмина Оңғарбайқызы мектепке дейінгі ұйымдары педагогтарының көрнекілік жасау жұмыс ерекшелігімен таныстырды және оны оқытушыларға өз қолдарымен жасатты.
Мектепке дейінгі ұйымда балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесі бес дағды арқылы жүргізіледі. Міне осы бағытта әдістемелік шеберлік сағатына қатысушы педагогтарға балалардың ұсақ қол моторикасын, сөздік қорын дамытуға арналған ойын түрлерін жасау тапсырылды. «Қоржынды безендірейік», «Торсықты әшекейлеу», «Сито театры», «Тарелка театры» сияқты тапсырмаларды орындады. Екінші кезекте оқытушылар мнемокесте арқылы өлең жолдарын шығарып өздерінің жұмыстарын постер арқылы көрсете білді. Жұмыс арасында «Оюлар жолдары» ойыны және «Ұлттық оюлар» сергіту сәті сияқты қызықты ойын түрлері жүргізілді. Бұл жұмыстар пәндік кабинеттердің дидактикалық құралдарын көбейтуге, пәнге қажетті көрнекі құралдармен кабинетті толықтыруға мүмкіндік береді.