Кәсіптік бағдар беру бағытында жүргізілген жұмыстар

Кәсіптік бағдар беру бағытында жүргізілген жұмыстар

2024-12-29

Кәсіптік тәжірибе жинақтау бөлімі кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша бітіруші топтарға Астана халықаралық университетімен онлайн-кездесу ұйымдастырды.
Қатысушылар – «Мектепке дейінгі тәрбие», «Информатика және ақпараттық жүйе» бөлімінің студенттері қысқартылған білім беру бағдарламалары туралы ақпарат алды.
Кездесу барысында педагогикалық институт директоры Ахмадиева Жанна Куанышевна мен п.ғ.к., профессор Жумабаева Зайда Ефимовна білім гранттары, қабылдау ережелері, білім беру бағдарламалары, қосдипломды бағдарламалар бойынша сапалы ақпарат пен практикалық кеңестер, сондай-ақ ықтимал қиындықтарды еңсеру бойынша ұсыныстар берді.
Онлайн-кездесу модераторы колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.О.Оразымбетова болды.
Қатысушылар викторина сұрақтарына жауап беріп, нәтижесінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенті Талғатқызы Жасмин институт директорының Алғыс хатын иеленді.