М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде оқу-әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен «Мен оқып шықтым, Сізге де оқуға кеңес беремін» тақырыбында жас мамандар арасында библио-жарыс өтті.
Библио-жарыс мақсаты: оқытушылардың бүгінгі күні оқып жатқан кітаптарына назар аудару.
Библио-жарыс барысында жас мамандар өздері оқыған кітапқа презентация жасады, оқыған шығарманың басты ойын айтып, дәйексөздер мен кітаптан үзінділер келтірді. Одан бөлек, кітаптан үзінділер оқып, өз идеяларын да жеткізді. Соңында өздері оқыған кітапты, келесі әріптесіне ұсынды.