«Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің МДБ-Қ-24 оқу тобы сала мамандарының қатысуымен «Туберкулез ауруының алдын алу шаралары» тақырыбында іс-шара өтті.
Мақсаты: Білім алушыларға туберкулездің алдын алу, осы аурудың пайда болу ерекшеліктері, берілу жолдары және онымен күресу шаралары туралы мәліметтерді жеткізу.
Міндеттері:
– жасөспірімдердің мәселе бойынша хабардар болу деңгейін анықтау;
– туберкулездің берілу жолдары, туберкулезге тексерілу, қауіпсіз жүріс-тұрыс, инфекцияның алдын алу мүмкіндіктері туралы дұрыс ақпарат беру;
– жасөспірімдерде туберкулезді жұқтырудың алдын алу дағдыларын қалыптастыру;
– ақпаратты меңгеру деңгейін тексеру.
Шараға Облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігері -Увашева Мереке Калмазановна, Облыстық Жастар орталығының валеолог маманы-Алмурзаева Гулдана Айтмаганбетовна, Қызылорда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы - Жазира Хамитовна, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің медбикелері - Айжанова Кулжахан Маратқызы, Алпыс Айдана Ерболқызы, МДБ-Қ-24 оқу тобының жетекшісі Байнияз Перизат Маратқызы мен МДБ-Қ-24 оқу тобының білім алушылары қатысты.
Іс-шара барысында сала мамандары туберкулез ауруының жұғу жолдары және оның алдын алу шаралары туралы мәлімет беріп өтті. Сонымен қатар МДБ-Қ-24 оқу тобының білім алушылар монологтар оқып, зиянды әдеттерден аулақ болу туралы көріністер қойып, көңілді би биледі.