Қызылорда облыстық білім басқармасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2022 жылғы 25 мамырдағы №15-3/1070-И санды хаты негізінде оқу орнымызда “Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн” ұлттық ақпараттық науқан өтті. Колледж испекторы Жумадилдаев Рахымжанның қатысуымен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құқық қорғау қызметкері оқу топтарын аралап, жазғы демалыс кезіндегі жасөспірімдердің жұмыс істеу, түнгі уақытта жүріп тұру, суға шомылу ережелерін ескертті. Қала орталықтарында орналасқан кәсіптік нысандарда “Түнгі қаладағы балалар” түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында жасөспірімдердің мезгілсіз жұмыс істеуі, шектелген уақытта ата-анасыз жүру жағдайлары тексерілді. Колледж жастары арасында балалар құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ш.Жалғасбекұлы белсенді жастарға балалар құқығы тақырыбында түсіндірме жүргізді. Пікірсайысшылар “Б.П. Балалар құқығын қорғаудағы кемшіліктерді көрсетеді” тақырыбында дебаттан көрсетілім ойын өткізді. Америкалық Парламенттік форматта өткен сөз тартысында парламентария ойы да тыңдалды.