«Аты әлемге мәшһүр жазушы Ілияс Есенберлин» атты тарихи танымдық кеш өтті.

«Аты әлемге мәшһүр жазушы Ілияс Есенберлин» атты тарихи танымдық кеш өтті.

2025-01-25

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледж кітапханасында «Шетел тілі» бөлімінің ШТ-М 24 оқу тобының қатысуымен Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Аты әлемге мәшһүр жазушы Ілияс Есенберлин» атты тарихи танымдық кеш өтті. Мақсаты: әдебиеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Ілияс Есенберлиннің шығармаларын насихаттау, оқырмандарды әдебиет пен тарихқа қызықтыру, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу, жастарға рухани азық беру.
Шарада кітапханашы қазақты төл тарихымен қауыштырған қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптармен таныстырды. Жазушы қазақтың алғашқы ханынан бастап, соңғы ханына дейінгі тарихты қағаз бетіне түсірген. Ілияс Есенберлин мұрасы - қазақ әдебиеті мен тарихы үшін алтыннан қымбат қазына. Жазушының қаламынан шыққан шоқтығы биік «Көшпенділер» мен «Алтын Орда» тарихи трилогиялары оқырманға етене таныс. Сонымен қатар «Қауіпті өткел», «Ғашықтар» романдарын да оқырмандарға оқуға ұсынды.
Шара барысында интерактивті тақтамен сұрақтар жасырылып, студенттер белсенді жауап берді. D-ID жасанды интеллект алгоритмдерін пайдаланатын жүйе арқылы жазушы суретін сөйлетіп, оқырмандарды оқуға шақырды.