![](/uploads/news/581.jpg)
Колледжде оқу-әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен «Цифрлық сауаттылық –заманауи педагогтің кәсіби дағдыларының негізгі компоненті» тақырыбында педагогикалық идеялар жәрмеңкесі өткізілді. Шара барысында әр мамандық бойынша инновациялық жобалар қорғалды.
Мақсат - озат педагогикалық тәжірибені тарату; оқытушылардың цифрлық сауаттылығын арттыра отырып, кәсіби құзыреттілігін дамыту; білім алушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.
Педагогикалық идеялар жәрмеңкесіне оқытушылар мен білім алушылар жоғары дайындықпен келіп, өз жобаларын қорғады. Әсіресе қызығушылық тудырған «Ақпараттық технологиялар», «Өнер», «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімдерінің оқытушылары мен студенттерінің инновациялық жобалары болды. Атап айтар болсақ, информатика пәні бойынша «Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда голограммалар мен VR технологияларын біріктіру» жобасы, «Музыкалық аспаптар» ПЦК-сы оқытушылары мен студенттерінің «Көнеден жеткен Жетіген мен саз үнді Сазсырнай», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бөлімінің оқытушыларының «Ертегі әлемі-құндылық сырын шертеді» жобасы және «Ақпараттық технологиялар» ПЦК-сы оқытушылары мен студенттерінің өздері жасаған сайттары мен дипломдық жұмыстары жоғары бағаға ие болды.