![](/uploads/news/582.jpg)
Колледжде оқу-әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен «Үздік арнайы пән оқытушысы -2025» колледжішілік байқауы өткізілді.
Байқау төмендегі бөлімдерден тұрды:
1-модуль- «МЕН ЖӘНЕ ҚОҒАМ»
2-модуль – «ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОБА»
3-модуль – «МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
«Үздік арнайы пән оқытушысы -2025» колледжішілік байқауының мақсаты:
• Колледжде инновациялық ақпараттық-коммуникативтік технологияларды терең меңгерген, ғылыми-әдістемелік, шығармашылық құзыреттілігі қалыптасқан талантты, жаңашыл, ізденімпаз оқытушыларды анықтау.
• Арнайы пән оқытушыларының мәртебесін көтеру;
• Арнайы пән оқытушыларының озық іс-тәжірибелерін насихаттау мен тарату;
• Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану, педагог имиджін қалыптастыру.
Байқауға әр бөлімнен 9 арнайы пән оқытушысы қатысып, бақ сынады. Педагогтер «Мен және қоғам» модулінде әрбір кәсіби педагогикалық құндылықтарды, идеалдарды, мақсаттарды, міндеттерді және оларды нақты қайырымдылық істерде және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру ерекшеліктерінде педагогикалық қызметінде жүзеге асыру жолдарын көрсетсе, «Әдістемелік жоба» модулінде заманауи педагогикалық технологиялардың элементтерін, оқыту әдістерін, құралдарын, түрлерін ашатын белгілі бір тақырып бойынша әдістемелік әзірлемелер дайындап, үшінші «Мультимедиялық технологиялар» модулінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, офлайн форматта белгілі бір тақырып бойынша мультимедиялық (интерактивті) презентация жасады. Сайысқа қатысушылар барлық модуль бойынша жоғары дайындықпен келген.
Сайысқа республикалық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары қазылық етіп, әділ бағасын берді. Сайыс қорытындысында, бас жүлдені – «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің арнайы пән оқытушысы Мансурова Меруерт Алмабекқызы, І орын - «Филология» бөлімінің арнайы пән оқытушысы – Орманова Зоя Айтбайқызы, ІІ орынды – «Филология» бөлімі оқытушысы - Мусурманкулова Гүлмира Әнуарқызы, ІІІ орынды – «Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің арнайы пән оқытушысы Жетілгенова Айнұр Амандыққызы иеленіп, қалған оқытушылар арнайы номинациялармен марапатталды. Барлық сайыскерлерге арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.