Жұмысшы мамандарын даярлаудың бүгіні мен болашағы» атты колледжішілік педагогикалық оқу өтті.

Жұмысшы мамандарын даярлаудың бүгіні мен болашағы» атты колледжішілік педагогикалық оқу өтті.

2024-02-06

«Филология» бөлімінің ұйымдастыруымен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 1 ақпан күні Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Қызылорда облысының құрметті қайраткері Сексенәлі Рахановтың кәсіби еңбек жолы мен шығармашылығына арналған «Сексенәлі Раханов оқулары – І: Жұмысшы мамандарын даярлаудың бүгіні мен болашағы» атты колледжішілік педагогикалық оқу өтті.
Мақсаты - Қазақстанның білім беру саласында өзіндік із қалдырған Сексенәлі Рахановтың тұлғалық қырларын таныстыру, кәсіптік бағдар беруде өз шәкірттеріне аянбай қызмет етіп, білікті маман ретінде танылған ұлағат иесін тану, білім саласындағы ерен еңбегімен қатар шығармашылықтың ауыр жүгін көтеріп, әдебиетке өз үлесін қосқан қаламгерді насихаттау, шығармаларын талдау.
Педагогикалық оқудың қорытындысын қазылар алқасының төрайымы Гүлшара Есенбекқызы шығарып, колледжішілік педагогикалық оқуға қатысып, үздік баяндама оқыған оқытушыларды марапаттады.
1-орын «Информатика және ақпараттық жүйе» бөлімінің оқытушысы Зарина Ермекбайқызы;
2-орын «Филология» бөлімінің оқытушысы Ахунов Бақытжан Кенжебекұлы;
3-орын «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» бөлімінің оқытушысы Керейбаева Шынар Умирзаковна.
Марапаттарыңыз құтты болсын!