
Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Жастар комитетінің ұйымдастыруымен “Жайдарман” ойыны өтті. Әзіл бәйгесіне оқу орнымыздың командалары және “Орда” жоғары колледжінен қонақ команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Ойыншылардың өнерін әділ бағалап қазылық жасаған қонақтар қатарында:
Жақсылықов Асылхан - «Орда тревл» гиді, жайдарманшы
Сипанов Нұрлан - ардагер жайдарманшы, облыстық жайдарман ойындарының редакторы
Тәкісбай Руслан- Қызылорда облыстық жайдарман филиалының директоры
Қадырбек Елдос- Қазалы құрамасының белді ойыншысы. Сценарист, автор.
Қасым Сабыржан- колледж түлегі. Мәншүк құрамасының ойыншысы. 2023 жылғы облыстық жайдарман ойындарының чемпионы.
Кеш барысында көрермендер арасында ойындар ойнатылып, сыйлықтар табысталды.
Ойын қорытындысы бойынша үздік болып танылған “Орда”, “Бізбен бірге”, “Смайл Фейс” командаларына арнайы сертификаттар мен қаржылай сыйлықтар таратылды.
Оқу орнының мәртебесін асқақтатқан жалынды жастарға сәттілік тілейміз!