
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің ұйымдастыруымен "Кіші сыныптарда оқыту" құзіреттілігі бойынша «Worldskills college-2025» ұлттық чемпионатының колледжішілік іріктеу кезеңі өткізілді. Чемпионатқа бас сарапшы - А.А.Бимаханова, техникалық эксперт - Г.Ж.Наубетова болды. Чемпионаттың мақсаты - қатысушылардың біліктілік стандартына сәйкес білім мен дағдылары, мамандыққа сай құзыреттіліктерінің деңгейін сараптау.
Чемпионатқа 011401000- «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының ІІ-ІІІ курстарынан 13 білім алушы қатысты. Чемпионат мазмұны 3 модуль бойынша өтті: Модуль А бойынша-бастауыш сыныптарды интерактивті жабдықты қолдана отырып пәндердің бірінде сабақтың үзіндісін (жаңа білімді ашу кезеңін) әзірлеу, әдістемелік қолдау және жүргізу, Модуль В-бойынша патриоттық, эстетикалық, экологиялық, адамгершілік тәрбиесінің бір бағытынан сыныптан тыс іс-шара презентациясын әзірлеу, Модуль С-бойынша экологиялық тәрбие бағытынан білім алушының жоба-зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру үшін жоба паспортын жасау.
Чемпионат нәтижесін бағалауға қаламыздың инновациялық мектептерінен тәжірибелі педагог-зерттеуші санатындағы мұғалімдер сарапшылық жұмыстарын жүргізді. Сайыс нәтижесінде І орынды оқытушы Г.Шалапованың жетекшілігімен Нұргелдиева Қарақат иеленсе, ІІ орынды М.Сахиеваның жетекшілігімен Тыныштықбай Ақнұр, А.Бимаханованың жетекшілігімен Нағашыбаева Айзере, ІІІ орынды оқытушы Г.Арыстанбекованың жетекшілігімен Марат Сымбат, А.Жетілгенованың жетекшілігімен Бауыржанқызы Назар бөлісті.
Колледжішілік іріктеуде І орын иеленген қатысушы Нұргелдиева Қарақат «Worldskills Kazakhstan-2025» ұлттық республикалық чемпионатының облыстық кезеңіне жолдама алды.