Қаламгер ізімен: Жүзбай Таңрықбаевтың шығармашылық жолы.

Қаламгер ізімен: Жүзбай Таңрықбаевтың шығармашылық жолы.

2025-02-09

Қаламгер ізімен: Жүзбай Таңрықбаевтың шығармашылық жолы.
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Қаламгер ізімен: Жүзбай Таңрықбаевтың шығармашылық жолы» атты кездесу кеші болып өтті. Кештің мақсаты - студенттерді белгілі журналист, редактор Жүзбай Таңрықбаевтың шығармашылығымен таныстыру, кәсіпкерлік пен журналистиканың байланысын көрсету, жас ұрпаққа тәлім беру.
Кездесу кешіне Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, "Кәсіпкер және мәдениет" журналы мен "Кәсіпкер келбеті" газетінің құрылтайшысы, қаламгер Жүзбай Таңрықбаев, еңбек ардагерлері Есентай Қозыбаев, Оразбек Бейсов қатысты. Кеш барысында Жүзбай ағамыздың өмірі мен кәсіби қызметіне арналған бейнероликтер тамашаланды, студенттердің арнаулары тыңдалды. "Сұлушаш", "Өмірдің өз шындығы", "Жайсаң жандар", "Жолдағы ойлар" кітабынан оқыған шығармалары жайында пікір білдірді. Өнерлі жастар ән орындады. Кеш қонақтарына түрлі сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды.
Ж.Таңрықбаев жастарға кітаптың өмір түйінін шеше білетін рухани қуаты туралы әңгімеледі. Кеш қорытындысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Маралбекқызы қонақтарға алғыс білдірді, белсене қатысқан студенттерімізді колледж директорының алғыс хатымен марапаттап, сый-сияпаттар табысталды.