
"Бірлік бар жерде — тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Осындай шешен ұлтының ұрпағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы ББ-Б-23 оқу тобының 2 курс студенті Абубакирова Тамила, топ жетекшісі Маханова Жанат Жантұрсынқызы. Еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің қарсаңында Тамиланың жүрекжарды құттықтауын қабыл алыңыздар.