
Қадірлі қазақ елі! Құрметті Отан қорғаушылар!
Сіздерді еліміздің айбынды мерекесі – Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып қалыптасқан. Сондықтан да, бұл күн қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні деп есептейміз.

Тәуелсіз Қазақстанымыздың шекарасының берік, халқының бейбіт болуында өз міндетін әуе кеңістігінде, құрлықта, теңізде, шекарада адалдықпен атқарып жүрген айбыны асқақ әскерилерге, әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға алғысымызды білдіреміз! Егемен еліміздің мұрат-мүддесі жолындағы елдік істеріңізге сәттілік, өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, амандық тілеймін.
Тәуелсіздігіміз мен тыныштығымызды, қауіпсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры нық, ғұмыры мәңгі болсын!
Құрметпен, М.Мәметова атындағы
Қызылорда педагогикалық
жоғары колледжі директоры Ж.Қ.Тоғанова