Қызылорда облысының білім басқармасының "26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні" аясында білім беру ұйымдарында атқарылатын жұмыстар жоспарына сәйкес оқу орнымызда бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Колледж медбикелері Гүлжахан Айжанова мен Айдана Алпыс "Дене тәрбиесі және спорт" бөлімі ДТШ-21К тобымен «НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шарада студенттерге нашақорлықтың СПИД – ауруын жұқтырудың бірден – бір жолы екенін, аталған аурудың кеселді жақтарын, ақыры өлімге дейін апаратын айықпас дерттің алдын-алу шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ нашақорлықтың салдарынан тек қана ішкі ағзалар зақымданып қоймайды, сонымен қатар: жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, ас қорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалатыны айтылды. Білім алушыларға жеке бас гигиенасы, қоғамдық орындардағы сақтық шаралары және салауатты өмір салтын ұстану қағидалары насихатталды.