«Ұлы Жеңіс ұмытылмайды»

«Ұлы Жеңіс ұмытылмайды»

2025-05-09

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Шетел тілі» бөлімі студенттерінің ұйымдастыруымен 9 МАМЫР жеңіс күніне орай –«Ұлы Жеңіс ұмытылмайды» - («Великая Победа не забыта») акциясы өткізілді.
Жеңіс — бұл тек тарих емес,
Бұл — тағдыр.
Оны ұмыту — тамырдан қол үзу.
Оны есте сақтау — ел болу.
Бүгінгі Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылған акция – тарихтың тағылымын, батыр бабаларымыздың ерлігін еске алу, олардың рухына құрмет көрсетуге арналды.
Ақция барысында студенттер батыр қыз ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жариялады. Шара бұдан кейін поэзиялық композиция – «Ерлік дауысына» жалғасты. Студенттер жеңіс туралы өлеңдермен бірге «Мәншүк монологын» оқып, бейбіт күн аспанын қазақтың күмбірлеген күйімен тербетті.
Жеңіс күні – тек өткенді еске алу ғана емес, болашаққа деген сенім, достық пен бірліктің символы. Сондықтан, әрдайым елін сүйетін, бейбітшілік пен татулықты ту еткен азамат болуға ұмтылайық.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мәңгілік Ел – мәңгі жасасын!