
Кітапхана қызметкерлері 2025 жылдың 23 мамыр күні "Менің сүйікті кітабым" атты ерекше квилт ұйымдастырылды. Әр студент өзінің сүйікті кітабын таңдап, сол кітаптан алған әсерін сурет немесе коллаж арқылы бейнеледі. Бұл тек шығармашылық жұмыс емес, бұл – әр оқырманның жүрегінен шыққан шынайы кітап оқудың әсері. Квилт – бұл көрпе ғана емес, әр беті – бір оқырманның оқыған кітабы, сезімі, қуанышы. И-И-24 оқу тобы студенттері квилтті түрлі ақпараттарды біріктіріп «құрақ» жасап, оқыған көркем әдебиеттеріне және оның кейіпкерлеріне талдау жүргізіп, сондай-ақ басқа оқырмандарға цифрлық дизайнда насихаттады. К-Е-24 тобы студенттері болашақ мамандығына сай бұл жұмысты түрлі техникаларда орындап: сурет салу, коллаж, аппликация арқылы шығармашылықтарымен ұштастыра білді. Мақсатымыз: студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, студенттердің сүйікті кітабын шығармашылықпен таныстыруына мүмкіндік беру және колледж ішінде кітап оқитын рухани орта қалыптастыру. Шара соңында кітаптың ерекшелігін, мәнін және шығарманың адам өміріне әсерін баяндап, белсенді қатысқан студенттер марапатталды.