Колледжде оқу-әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен «Жас маман мен талапты тәлімгер» атты педагогикалық КВН өтті.

Колледжде оқу-әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен «Жас маман мен талапты тәлімгер» атты педагогикалық КВН өтті.

2025-05-24

Мақсаты: Жас мамандар мен олардың тәлімгерлері арасында кәсіби шеберлік сайысын ұйымдастырып, жас мамандардың ұжымда жылдам қалыптасуына, өзінің кәсіби біліктіліктерін ұжым алдында көрсете алуына, тәжірибелерімен бөлісуге жағдай жасау. Сайыс төрт кезеңнен тұрды:
1. «Креативті таныстырылым». Жас маман визиткасы.
2. Проблемалық ситуация
3. Менің сабағымның қызықты сәті
4. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша берілген тақырыптағы тәрбие сағатының бір элементін сол жердегі сайысқа қатысушылармен ұйымдастыру.
Сайысқа әр бөлімнен 7 жұп /жас маман мен тәлімгер/ қатысып, бақ сынады. Барлық қатысушылар жоғары дайындықпен келіп, сайыс тартысты өтті. Республикалық сайыстардың жеңімпаздарынан құралған қазылар алқасы әділ бағаларын беріп, соңында «Жас маман мен талапты тәлімгер» байқауының жеңімпаздары арнайы дипломдармен, номинация иегерлері «Алғыс хаттармен» марапатталды. Барлық қатысушыларға колледж кәсіподағы ұйымы бағалы сыйлықтарын ұсынды.