
Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінде студенттер мен ата-аналардың қатысуымен «Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы болып өтті.
Сайыстың мақсаты: Ата-анамен тығыз қарым-қатынаста болып, колледж бен ата-ана арасындағы байланысты нығайту. Студенттер мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Қатысушылар «Таныстыру», «Көпсайыс», «Навигатор», «Сурет салу», «Көңілді кенгуру» атты 5 кезең бойынша сайысты. Барлық сайыс кезеңдері көңілді және қызықты өтті. Сайыс нәтижесі бойынша «Жас өркен» тобы І орынмен, «Алтын ұя» тобы ІІ орынмен, «Бір топ, бір жүрек» тобы ІІІ орынмен марапатталды.