М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде оқу-әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен «Жас ғалым мінбесі: Интеллект. Ғылым. Зерттеулер» тақырыбында ғылыми-танымдық сағаты өткізілді. Оқу жылының басында білім алушылардың ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында әр аптаның сенбі күні «Ғылым күні» болып белгіленген болатын. Осыған орай, бөлімдердің әрқайсысы белгілі бір клубтарға бөлінді. Атап айтар болсақ:
- «Болашақ ойлар зертханасы» -клубы, «Филология» бөлімі;
- «Жарқын ойшылдар» -клубы, денешынықтыру және спорт бөлімі;
- «Кванттық ойлар» -клубы, Ақапараттық технологиялар бөлімі;
- «Ғылым энергиясы» -клубы, «Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі» бөлімі;
- «Жаңашыл көзқарас» -клубы, «Шет тілі» бөлімі;
- «Болашақ ұшқындары» -клубы, «Өнер» бөлімі;
- «Жас жаңашылдар» -клубы, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бөлімі.
Ғылыми-танымдық сағат барысында жуырда ғана Аспан асты еліне барып, білім саласы бойынша тәжірибе алмасып келген колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызы Тоғанова Қытай елінің тәжірибесі туралы айтып, білім алушыларды ғылыммен осы кезден бастап айналысуға, алдына мақсат қоюға, белгілі нәтижеге жету үшін еңбектенуге шақырды.
Сонымен қатар, «Педагогикалық академия: Білім. Инновация. Тәжірибе» атты тәжірибе алаңына оқытушылар мен студенттердің ғылыми жобаларынан көрме қойылып, әр бөлім өздері ұсынған жобаларымен таныстырды.