СПОРТ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ - тақырыбында волейбол сайысы өтті

СПОРТ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ - тақырыбында волейбол сайысы өтті

2022-06-21

    Оқу орнымызда 26 маусым - Дүниежүзілік нашақорлыққа күрес күніне орай “СПОРТ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ” тақырыбында волейбол сайысы өтті. Спорттық додада  “Дене тәрбиесі және спорт” бөлімінің ДТ-Ш-21к, ДТ-Ф-21к,  ДТ-Ә-21к және ДТ-Ф-21 оқу топтары айналым жүйесі арқылы бақ сынасты. Жарыс нәтижесі бойынша: І-орын   - ДТ-Ф-21к оқу тобы ІІ-орын  - ДТ-Ә-21к  оқу тобы ІІІ-орын - ДТ-Ф-21 оқу тобы Сондай-ақ ғасыр індетіне қарсы күрес күні аясында “НАШАҚОРЛЫҚ - ҒАСЫР ДЕРТІ”  тақырыбында  колледж студенттері арасында шахмат сайысы ұйымдастырылды.Ала тақта бетіндегі ой тартысында студенттер зияткерлік қырларын таразылап, білімі мен логикалық ұшқырлықтарын белсенді көрсете алды. Шахматшылар сайысы қорытындысы бойынша:  І орын - “Физика, математика және ақпараттық жүйелер” бөлімі ІІ орын -  “Шетел тілі” бөлімі ІІІ орын  - “Дене тәрбиесі және спорт” бөлімі иеленді.