Педагогикалық кеңес 2021-2022 жылын қорытындылау

Педагогикалық кеңес 2021-2022 жылын қорытындылау

2022-06-25

    24 маусым күні М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің педагог қызметкерлері үшін 2021-2022 оқу жылын қорытындылауға арналған педагогикалық кеңес өтті. Кеңесте оқу орнының: 

  • оқу - әдістемелік 
  • тәрбие 
  • кәсіптік тәжірибе 
  • ақпараттық технология бағытындағы есептері 
  • аналитикалық талдау 

салыстырмалы мониторинг түрінде талқыланып, қорытындыланды.

Колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызы биылғы оқу жылының ерекше атаулы даталар мен мерейтойлар аясында өткенін, осындай жауапты сәтте оқу орны ұжымының атқарған өлшеусіз еңбектерін атай отырып, алғыс білдірді. Педагогикалық жиын барысында алдағы 2022-2023 оқу жылында орындалар жұмыстар мен басым бағыттар бойынша нақты ұсыныстар айтылып, тапсырмалар берілді.