Жастар - кемел еліміздің келешегі, қуаты һәм ертеңіміздің кепілі. Білімді, ізденімпаз, ұшқыр ойлы жастары бар ел ғана дамудың даңғыл жолында алшаң басып, өрлей алады. Дана халқымыздың айтулы перзенті Мағжан Жұмабаев , “Көздерiнде от ойнар, Сөздерiнде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемiн!” дегендей, сенім иелері жастық жігерін, жастық әлеуетін мемлекетіміздің өркендеуі мен бейбітшілігіміздің мәңгі орнауы мұратында қызмет ету керек және де біздің жастарымыз ол үдеден, сенімнен сөзсіз шыға алатынына тағы сенеміз. 12 тамыз - Халықаралық жастар күні аясында өңір жастарын, колледжіміздің барша білім алушыларын мерекелерімен құттықтаймыз. Әр кез білім атты белестің шыңында, абырой биігінде болыңыздар. Халықаралық, республикалық спорт, мәдени, ғылым бәйгелерінде тәуелсіз мемлекетіміздің атын жоғарыдан көрсете берулеріңізге тілекшіміз. Мереке құтты болсын, Сыр жастары!