М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «Филология» бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай «Тіл – татулық пен тұрақтылық негізі, ұлт қазынасы» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты: Тіл – ұлттың мақтанышы, рухани байлығы екендігін студенттерге жетік меңгерте отырып, оларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету. Сондай-ақ тіл тазалығын сақтауға, мәдениетті сөйлеуге, ана тіліне сүйіспеншілігін арттыруға, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру, Отанға деген патриоттық сезімін ояту, үш тілдік саясатты дамыту.
Бұл мереке елімізде 2018 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен тұспа-тұс тойланып келеді. Биыл Алаш ардақтысының туғанына 150 жыл толып отыр. Осыған орай «Филология»бөлімінің меңгерушісі Г. Мұхиддинова студенттерге ғалымның мол мұрасы мен шығармашылығынан мәлімет беріп, жас ұрпақты ана тілімізді құрметтеуге шақырды. Атаулы күнге орай колледжімізде өтетін іс-шаралар тізбегімен таныстырды.
Кеш барысында ғалымның еңбектеріне шолу жасалып, жас ақындар өздерінің жүрекжарды туындыларымен бөлісті. Мерекелік кеште әсем әндер шырқалып, ақын-жазушылардың туындыларынан үзінді өлеңдер оқылды. Колледжіміздің ұстазы Б. Ахунов айтулы күнге жылы лебізін білдіре отырып, мерекелік кешті аяқтады.