ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ ӨТКІЗІЛДІ

ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ ӨТКІЗІЛДІ

2022-09-07

    М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық Жоғары колледжінде 07.09.2022 күні Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында мемлекеттік тілде жалпыхалықтық диктант өткізілді.

    «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында жазылған диктантқа колледжіміздің барлық студенттері қатысты.

    Мақсаты: этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.       

    Міндеті: • Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту; • Мемлекеттік тіліміздің рөлін нығайту; • Қазақ тілін білу және сауатты жазу деңгейін тексеру болып табылады.