Қызылорда облыстық Қоғамдық даму басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығы мен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Жат ағым желіде жетектемесін» тақырыбында діни идеологиялардың таралуы профилактикасы бағытында түсіндірме шарасы өтті. Кездесуге Қызылорда облыстық Қоғамдық даму басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы, психолог Қ. Қойшыбаева, теолог Б. Толысбекова және Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Ш. Жалғасбекұлы қатысты. Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы, психолог Қарлығаш Балтабайқызы студенттерімізге салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпауға тырысып, қазақи қалпымыздан айнымауға шақырды.Психолог маман жастарға тренинг жүргізіп,терроризмнің зардаптары жайлы ақпараттандырып, бірнеше мысалмен анықтама келтірді. Сонымен қатар әлеуметтік желі хабар таратудың маңызды коммуникация құралына айналғандықтан студенттерге бұқаралық ақпарт құралдарын бөліскен кезде мұқият болуға шақырды.Жиын барысында дінтанушы-теолог маман Б. Толысбекова түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,жастарымызды діни тақырыптағы сұрақтарға мешіт қызметкерлері мен діни білімі бар теолог мамандардан ақпарат алуға шақырды. Аталмыш іс-шарада арнайы жасалған бүктемелер таратылып, ақпараттар берілді. Білім алушы жастар көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алып, пікір алмасу жүргізілді.