ҚОРЖЫНДА ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КУБОГІ

ҚОРЖЫНДА ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КУБОГІ

2022-09-20

    «Қала күні» мерекесіне ұйымдастырылған жайдарман ойындарынан Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменовтың арнайы республикалық кубогін және 100 000 тг қаржылай сыйақысын М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Мәншүк құрамасы» жеңіп алды. Қала басшысының жүлдесіне көрші облыстардан 5 үздік команда қатысып, жүлделі сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар астарлы әзіл мен қағытпа қалжыңның қарымды көрінісін көрсеткен «Мәншүк құрамасы» биылғы маусымашар ойынына қатысып, жоғары лигада өнер көрсететін болады. Оқу орнының мәртебесін асқақтатқан жалынды жастарға сәттілік тілейміз!