ЖЕТІСТІК ЖОЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

ЖЕТІСТІК ЖОЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ

2022-09-20

    Колледжіміздің «Шаңырақ» дебат клубының ұйымдастыруымен «Жетістік жолындағы алғашқы қадам» тақырыбында тренинг өтті. Клуб координаторы Ақгүлім Берікқызы өткізген тренингке бірінші курс студенттері қатысып, дебат ойының АПФ (Америкалық парламенттік формат) форматы түсіндіріліп, ережелері таныстырылды. Сондай-ақ дебат клубының аға буын пікірсайысшысы, колледж түлегі Бексұлтан Санақұл да қатысып, жаңа буын дебатерларге өз тәжірибесімен бөлісті. Алдағы уақытта дебатқа қызығушы жастарға «БПФ», «ЛД» форматтары түсіндіріліп, колледжішілік, қалалық, облыстық турнирлер, көрсетілім ойындар ұйымдастырылатын болады.