М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінде ер балалар жиналысы болып өтті.

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінде ер балалар жиналысы болып өтті.

2022-09-23

    Жиналысқа колледж директоры Ж.Қ. Тоғанова, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Исаева, «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің меңгерушісі Қ.Е.Нұрымбетов, ұйымдастырушы-педагог Ж.У.Тютебаева, Қызылорда қалалық полиция басқармасы ЖПҚ ЮПБ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Р.А.Жұмаділдаев, Жастар ісі жөніндегі инспектор Ш.Жалғасбекұлы, топ жетекшілері және бөлімдегі ер балалар қатысты. Жиын барысында колледж директоры Ж.Қ.Тоғанова колледждің ішкі және сыртқы ережелерімен таныстырып, ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттап және өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру жайлы сөз етті. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау, зорлық-зомбылық, бопсалау, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары мен профилактика жүргізілді. Жиналыс соңында бөлім меңгерушісі Қайрат Ерболатұлы әрбір студенттің құқығы мен міндетін біле отырып, келеңсіз жағдайларды болдырмауға ат салысу, әрбір жасөспірім өзін және қасындағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтеуге шақырды.