
Кәсіби қызметінің пәні:
Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша кәсіби қызмет пәні: дене тәрбиесі, спорттық жаттығу, рекреация және қайта қалпына келтіру жүйесін іске асыру бойынша педагогикалық процесс болып табылады.
Кәсіби қызметінің түрлері:
Дене шынықтыру және спорт мамандығының мұғалімі кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады: білім беру (педагогикалық)-тәрбие, оқыту, тұлға қалыптастыру мен дамыту; педагогикалық үдерісті басқару; диагностика, түзету, педагогикалық қызметтің нәтижелерін болжау; дизикалық білім саласындағы озық инновациялық тәжірибені зерттеу, жалпылау, тарату.