26-28 мамыр аралығында 2021-2022 оқу жылының ІІ жартыжылдығы бойынша колледждің 1-2 курс студенттері ата-аналарымен жоспарлы жиналыс өткізілді

26-28 мамыр аралығында 2021-2022 оқу жылының ІІ жартыжылдығы бойынша колледждің 1-2 курс студенттері ата-аналарымен жоспарлы жиналыс өткізілді

2022-05-28

    26-28 мамыр аралығында 2021-2022 оқу жылының ІІ жартыжылдығы бойынша колледждің 1-2 курс студенттері ата-аналарымен жоспарлы жиналыс өткізілді. 
Онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған жиында екіншіжартыжылдық бойынша студенттерге қатысты бірқатар мәселелер талқыланып, ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. 
ІІ жартыжылдық көлемінде тәрбие бағыты бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде таныстырған директордың тәрбие жұмысы  жөніндегі орынбасары Г.Исаева оқу жылының аяқталуына аз уақыт қалғанын айта отырып, бірнеше мәселеге тоқталып өтті.

  • Студенттердің сабаққа қатысуы, оқу орнындағы киім үлгісінің сақталуы, сабақтан кешікпеу және колледжде жүруге арналған турникед картасына ұқыптылықпен қарау
  • Ата-аналарға баланы беймезгіл уақытта ешқайда жұмсамау және білім алушының түнгі уақытта көшеде жүрмеуін қадағалау 
  • Емтихан уақытында сыбайлас жемқорлық фактілері байқалған және анықталған жағдайда колледж сайтындағы «Директор блогы» арқылы хат жазу
  • Қоғамдық орындарда балалардың сауда-саттықпен айналысу фактісін болдырмау секілді бірқатар мәселелерді айтып, ескерту жасады. 

ПБ ЖПҚ Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы Р.Жұмаділдаев:

  • жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
  • кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта топтасып жүруі
  • жастар арасындағы зиянды заттарды (алкогольдік өнімдер, темекі) пайдалануды болдырмауға ықпал ету жөнінде сөйледі.

Колледж психологы Ж.Уалибекқызы:

  • Қорытынды аттестаттау кезінде студенттердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • Ата-ана тарапынан балаға қолдау білдіру
  • Уақытылы демалу және тамақтану
  • Колледж студенттеріне көрсетілетін психологиялық қызмет тақырыбында айтты. 

????Колледж медбикесі Г.Айжанова оқу орнындағы санитарлық эпидемиологиялық ахуал, медпункт қызметі  және ата-ана тарапынан бала денсаулығына бақылау жасаудың маңыздылығына тоқталып өтті. 
????Әр бөлімнің бөлім меңгерушілері жиналысқа қатысып, оқу-тәрбие процесіндегі студенттердің жағдайы, ішкі тәртіп ережесіне бағыну, себепсіз сабақтан қалмау және оқу ақысының уақытылы төленуі мәселелеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ жоспарлы жиынға әлеуметтік педагог М.Қиынбаева, жатақхана меңгерушісі Л.Қордабаева және 1-2 курстардың барлық топ жетекшілері қатысып, әр маман өз бағыты бойынша ата-аналар тарапынан келген сауалдарға жауап берді