Оқу орнымызда 26 маусым - Дүниежүзілік нашақорлыққа күрес күніне орай “СПОРТ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ” тақырыбында волейбол сайысы өтті. Спорттық додада “Дене тәрбиесі және спорт” бөлімінің ДТ-Ш-21к, ДТ-Ф-21к, ДТ-Ә-21к және ДТ-Ф-21 оқу топтары айналым жүйесі арқылы бақ сынасты. Жарыс нәтижесі бойынша: І-орын - ДТ-Ф-21к оқу тобы ІІ-орын - ДТ-Ә-21к оқу тобы ІІІ-орын - ДТ-Ф-21 оқу тобы Сондай-ақ ғасыр індетіне қарсы күрес күні аясында “НАШАҚОРЛЫҚ - ҒАСЫР ДЕРТІ” тақырыбында колледж студенттері арасында шахмат сайысы ұйымдастырылды.Ала тақта бетіндегі ой тартысында студенттер зияткерлік қырларын таразылап, білімі мен логикалық ұшқырлықтарын белсенді көрсете алды. Шахматшылар сайысы қорытындысы бойынша: І орын - “Физика, математика және ақпараттық жүйелер” бөлімі ІІ орын - “Шетел тілі” бөлімі ІІІ орын - “Дене тәрбиесі және спорт” бөлімі иеленді.