Директорский блог
Тоганова Жаксыгул Кохановна
Директор

Образование: Высшее

Специальность: Учитель истории, дополнительный архивный специалист

Ученая степень: магистр педагогических наук.

ГОСУДАРСТВЕННАЯ СЛУЖБА

Кандидат в действительные члены Международной академии информатизации;

Эксперт комиссии по присвоению квалификационных категорий учителям Кызылординского областного управления образования

НАУЧНЫЕ РАБОТЫ

Методическое пособие «Культурология», Кызылорда, 2014 г., ISBN 978-601-229-454-5;

Сборник «Казахстан – государство без ядерного оружия», Кызылорда, 2014 г., ISBN 978-9965-452-73-4;

Справочник «Активные методы обучения», Кызылорда, 2015 г., ISBN 978-9965-452-61-1.

НАГРАДЫ

- Обладатель нагрудного знака МОН РК «Ы.Алтынсарин» (2017 г.);

- Поздравление акима Кызылординской области (2020 г.);

- Обладатель памятного знака 200-летия Кызылорды (2018 г.).

Вопрос и ответ

Айгерім 2022-08-07
Колледжге түсу үшін қандай құжаттар қажет?

Сәлеметсіз бе! Осы сілтемеде толығырақ көрсетілген.

Нұргүл 2022-08-10
Сәлеметсіз бе, сіздердің колледждеріңізде оқу ақысы қанша?

Сәлеметсіз бе. Егер сіз ақылы негізде оқитын болсаңыз, онда оқу құны 270,000 мың теңге.

Фариза 2022-10-18
Сәлеметсіз бе! Сіздің колледжде жұмыс істегім келеді. Кіммен сөйлесуге немесе түйіндемені қандай мекен-жайға жіберуге болады?

Сәлеметсіз бе! Сіз +7 (724) 226 1290 телефоны арқылы қоңырау шала аласыз немесе түйіндемеңізді біздің поштамызға kyzhumcoll@mail.ru жібере аласыз.

Фариза 2023-02-10
Сәлеметсіз бе? Колледж ішінде жастар арасында қызықты іс-шаралар болмайды. Мәселен жаңа жыл, студенттер күні , 8 наурыз деген секілді. Студенттер толық қамтылмайды. Бірі қатысып, бірі қатыстырылмай қалады. Тіпті хабарланбайды.

Құрметті Фариза!

Жастар мәселелерін шешу және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында колледжімізде Жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс жасайды. Жастар бастамаларымен әр оқу апталарында түрлі форматтағы іс-шаралар жүргізіліп отырады. Атаулы даталар, мерекелік күндер де комитет назарынан тыс қалған емес.  Шараларға белсенді қатысуыңызға әбден болады. 
Өтетін және осы уақытқа дейінгі өткен  іс-шаралар туралы ақпаратты колледжіміздің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан (инстаграм: https://instagram.com/kdmped?igshid=YmMyMTA2M2Y= , фейсбук: https://www.facebook.com/kyzhumcoll?mibextid=LQQJ4d )  көре аласыз.  Сонымен қатар, қазіргі таңда WhatsApp мессенджерінде «College News» бірлестігі  жасалынғанын хабарлаймыз. Жоба толық іске қосылғанда әр білім алушы мен оқытушыға жеке хабарлама жіберуге мүмкіндік туатын болады. 

2022-2023 оқу жылының алғашқы жартысы бойынша 50-ге жуық жастар жобалары жасалды. Оның ішінде түрлі байқаулар, акциялар, жастар ұйымдарының шаралары, мерекелік кештер, кәсіби оқытулар, сала мамандарымен кездесулер, ақпараттық түсіндірме жұмыстары секілді бағыттар қамтылған. Атап айтар болсақ, «Bir тolqynda» диалогтік алаңы, «Balmuzdaq party» кеші, «Шаңырақ» дебат клубының ұйымдастыруымен «Жетістік жолындағы алғашқы қадам» тақырыбында тренингі, «Б.П. Махаббатта қыздарға қарағанда жігіттердің сезімі күшті деп есептейді» тақырыбында пікір-сайыс көрсетілім ойыны, «Мейірімділік әлемді құтқарады» қайырымдылық жәрмеңкесі, «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» тақырыбында тазалық акциясы,  бөлімаралық "Күзгі бал - 2022" сайысы,  «Мәншүк маусымашары - 2022» колледжішілік жайдарман сайысы, «Колледж аруы – 2022» атты қыздар  сайысы, «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинары, «Ой-Like» интеллектуалды ойыны, 17 қараша – Студенттер күні мерекесіне арналған «Қазақстанға – жалынды жастармен!» атты салтанатты кеші, «Үздік жүргізуші - 2022» атты жүргізушілер байқауы, «Мәншүк CUP - 2022» дебат ойындарынан колледжішілік пікірсайыс турнирі, «Жаңа жыл – жаңа бақыт, жаңа арман» атты мерекелік кеші, «Аяз атаға хат жаз» жобасы секілді  жастар сұранысынан шыға білген мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. 

Алдағы уақытта да жоспарға сәйкес іс-шаралар легі ұйымдастырыла береді. Әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда бөлісіп отырамыз. Рақмет!

Құрметпен Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Шернияз Жалғасбекұлы!