БІРТҰТАС ТӘРБИЕ

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ

2024-12-07

Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен “Тәрбиелеу мен оқытудың заманауи нысандары мен әдістері: ізденістер мен шешімдер” тақырыбында Н.Құлжанова атындағы VIІI Республикалық педагогикалық оқулары болып өтті.
Мақсаты:
«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасы негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық мәдениет пен дәстүр, рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған озық тәжірибелерді анықтау, насихаттау.
2024-2025 оқу жылы Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда жасанды интеллект технологиясының тиімділігін насихаттау.
Инклюзивті білім беру теориясы мен практикасының озық тәжірибесін тарату.
Педагогикалық оқуға Республикамыздағы “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” мамандығын даярлайтын Абай облысы "М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі”, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Тараз инновациялық көпсалалы колледжі, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі», Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі, ”Болашақ" университетінің жоғары колледжінінің оқытушылары, Алматы облысы, Алматы қаласы, №3ПМПК басшысы, педагог-дефектологы, «Өрлеу» БАҚО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты» ПжПӘ кафедрасының оқытушылары мен өңіріміздегі мектепке дейінгі ұйым педагогтері қатысты.
Қызылорда қаласындағы «Алпамыс» бөбекжай-бақшасы, №3 «Алтын Орда-Шұғыла» жеке мектепке дейінгі мекемесі, №1 Шұғыла жеке мектепке дейінгі мекемесі, “Ертөстік” бөбекжай-бақшасы, «Заңғар» бөбекжай-бақшасы, «№5 Шаттық» бөбекжай-бақшаларының «Ұлттық өнер- ұрпаққа мұра» тақырыбындағы қол өнер бұйымдарының көрмесін таныстырды.
Республикалық педагогикалық оқу пленарлық отырыс және 3 секция жұмыстары бойынша өткізілді.
1-секция “Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру”.
2-секция “Ерекше білім берудің қажет ететін балаларды білім беру ортасына қосу процесінің тетіктері, нысандары, тәсілдері” (инклюзивті білім беру теориясы мен практикасының озық тәжірибесі)
3-секция “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда жасанды интеллект технологиясы”
Секция жұмыстары соңында қатысушы спикерлер талқылау жүргізіп, резолюция қабылдады.