Байқаудың мақсаты:
• Колледжде инновациялық ақпараттық - коммуникативтік технологияларды терең меңгерген, ғылыми-әдістемелік, шығармашылық құзыреттілігі қалыптасқан талантты, жаңашыл ізденімпаз оқытушыларды анықтау.
• Жалпы пән оқытушыларының мәртебесін көтеру.
• Жалпы пән оқытушыларының озық іс-тәжірибелерін насихаттау мен тарату.
• Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану, педагог имиджін қалыптастыру.
Байқау барысында колледж оқытушылары арасынан жоғары кәсіби біліктілігі бар, шығармашыл үздік жалпы пән оқытушысы анықталды. Байқауға қатысушылардың оқыту үдерісін жоспарлауы, шығармашылық қабілеті, ізденісі, жаңа технологияларды қолдануы, педагогикалық ойдың ерекшелігі, ұйымдастырушылық пен іскерлік сапасы, білім сапасы, пәнді игеруі, заманауи талаптарға сәйкестігі, кәсіби деңгейі, АКТ тиімді пайдалануы сараланды.
«Жалпы білім пәні оқытушысы-2025» байқауының биылғы ерекшелігі оқытушылар алдымен берілген тақырыптарға эссе жазды. Одан бөлек, «Педагогикалық концепция» «Идеялар калейдоскопы», «Үздік педагогикалық практика» сияқты сайыс кезеңдерінен өтті. Колледжішілік кәсіби шеберлік байқауына «Үздік педагог-2025» республикалық байқауының жеңімпазы Жусупова Гүлнұр Айдарқызы, облыстық «Үздік педагог-2025» байқауының жеңімпазы Күзбаева Ләззат Омарқызы және директордың оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары Рахымжан Айнұр Бақытбекқызы төрелік етті.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орынды Дене шынықтыру пәні оқытушысы – Нағашыбаев Дулат Болатбекұлы;
ІІ орынды – қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы – Тютебаева Жанар Үсенбекқызы;
ІІІ орынды ағылшын тілі пәні оқытушысы Әбіл Бауыржан Қадырбайұлы иеленді.