Колледж туралы

Колледж туралы

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

 

Қызылорда облысының білім басқармасының «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында жүргізілген мемлекеттік аттестаттау қорытындысы туралы

 

Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы

 

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі 11.02.1932 жылғы Қызылорда аудандық атқару комитетінің №33 шешіміне сәйкес Қызылорда педагогика техникумы болып ашылды. Колледж атауында төмендегідей өзгерістер орын алды:
 

  • 1937 жылы Қызылорда педагогика училищесі;
  • 1952 жылы М.Мәметова атындағы Қызылорда қазақ қыздар педагогикалық училищесі (ҚазССР Ағарту ісі министрінің 01.10.1952 жылғы бұйрығы);
  • 1986 жылы М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық училищесі (ҚазССР Ағарту ісі министрінің 03.10.1985 жылғы №808 бұйрығы);
  • 1992 жылы М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжі (облыстық әкімшілік басшысының 12.06.1992 жылғы №120 шешімі);
  • 1997 жылы (қаңтар-мамыр) Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университет колледжі (ҚР Үкіметінің 07.05.1996 жылғы №573 қаулысы, БҒМ 15.01.1997 жылғы №14 бұйрығы);
  • 1997 жылы М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі (ҚР Үкіметінің 08.05.1997 жылғы №814 Қаулысы);
  • 1999 жылы М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (облыс әкімінің 14.01.1999 жылғы №872 шешімі, облыс әкімдігінің 29.09.2001 жылғы №71 Қаулысы);
  • 2014 жылдан бастап Қызылорда облысының білім басқармасының «М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
  • 2017 жылдан бастап Қызылорда облысының білім басқармасының «М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып аталды. (Қызылорда облысы әкімдігінің 26.12.2017 ж №995 қаулысы)