Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем!

Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем!

2024-10-01

Білім беру ұйымының ардагер-ұстаздарымен рәуішті де рухани кездесу кеші өтті. Аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесі мен даналығы баға жетпес құндылық, олардың көптеген жетістіктері – жастарға үлгі. Салтанатты кеш барысында колледж басшысы Жақсыгүл Қоханқызы барша ардагер ұстаздарды және 70 жас мерейтой иелері Темірбеков Нұрылда Қадірұлын, Абдраманова Қуанышкүл Махамбетқызы мен Әбдіхалықова Нағима Жақыпқызын арнайы құттықтап, құрмет көрсетілді.  
Көргені көп аға буынның ақылын тыңдап, сөзін санаға түйіп жүргеннен ешкім жаман болмаған. Ардагер ұстаздар атынан көкірегі өсиетке толы ұлағатты ұстаздар Нұрылда Қадірұлы, Әлима Жақыпқызы мен Аякөз Асқарқызы мерекемен құттықтап, ұстаздық қызметтің үлкен жауапкершілікті іс екендігін танытар өмірлік тәжірибелерін үлгі етті, кейінгі толқынға ақ баталарын берді. 
Бүгінгідей мерейлі күнде тағылымды тәрбие беріп, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғастырып келе жатқан ардагер ұстаздарымызға сан жылғы қастерлі де қасиетті ұстаздық еңбектері үшін марапаттар, сый-сияпат көрсетілді. Жиынның келесі кезеңі салтанатты басқосудың мазмұнын әрлеген колледж ұстаздары мен өнерпаздарының ән-шашуы ардагер ұстаздар мен көпшілік көңілдерді серпілтіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Негізінен бұл күн – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және қамқорлық көрсететін ерекше мейірімге толы күн. Болашақ жастар мен орта буын өкілінің қазыналы қарттардан алар тағылымы мол.
Аға буын өкілдерімен кездесу қазыналарымызға құрмет пен қызмет көрсету, оларға деген ізет бір күннің ғана аясына сыймайтындығын көрсеткендей. Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын!